Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ШҚОМА-нің ж/қ бойынша Өскемен филиалы

Iздеу

Архив тарихы

2013 жылғы 10 қаңтардың №2 «ШҚО кейбір мемлекеттік мұрағат мекемелерін қайта құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің қаулысына сәйкес және 2013 жылғы 22 ақпандағы № 8 Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ жеке құрамы бойынша Өскемен филиалы құрылды. Филиалдың құрамына құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және ғылыми-ақпарат аппараты бөлімі (ҒАА) және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі енгізілді. Филиалдың штаттық құрамы – 36 адам, оның ішінде – 26 мамандар.

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының қайта құрылып мәдениет басқармасына қосылуына байланысты 2013 жылы қазан айында филиал қайта тіркелді де Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ жеке құрамы бойынша Өскемен филиалы деп аталды.

Жеке құрам бойынша Өскемен филиалы жеке және заңды тұлғаларға «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалардың еңбек өтілін, еңбекақысын, оқығанын растайды, мекемелердің, ұйымдардың атауларының өзгергені, қайта құрылғаны және жойылғаны туралы және т.б. сұраныстарын орындайды. Сонымен қатар филиалда құжаттардың сақталуына қолайлы жағдайлар жасалады, өрт қауіпсіздігі ережелері, құжаттарды мемлекеттік есепке алу және де қажетті құжаттардың тез табылуын қамтамасыз ету үшін жеке құрам құжаттары тізімдемелерінің ғылыми-анықтамалық аппаратын қайта өңдеу, жетілдіру ережелері сақталады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru