Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Байланыс ақпарат

Мекенжайы:

070600, Шығыс Қазақстан облысы, с. Қалбатау
Оспанов көшесі 11/5
тел/факс: 8(72-347) 6-55-69
                  8(72-347) 6-23-34
эл.почта: arhiv-zharma.97@mail.ru 

Басшы туралы

РАХИМОВ БЕКҚАЗЫ АЙТҚАЗЫҰЛЫ

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-сінің Жарма филиалының директоры 
Рахимов Бекқазы Айтқазыұлы Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында 1975 жылы 11 тамызда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Алғашқы еңбек жолын 16 жасында Жаңғызтөбе совхозында жұмысынан бастады.
1993 жылы «Семей» универститетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, «мал дәрігерлік медицина» мамандығы бойынша 1998 жылы бітіріп шықты.
2000-2003 жылдарда Жарма аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
2002 жылы Талдықорған заң колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы құқықтану мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.
2003 жылы осы бөлімнің кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2004 жылы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жарма ауданындағы бөлімшесіне орта санаттағы аға маман болып жұмыс істеді.
2010 жылдың шілде айында азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес, аттестация қорытындысы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
Осы қызметті 2010 жылдың 27 шілдесіне дейін атқарды.
2010 жылдың 27 шілдесінде ШҚО Жарма ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.  
2010 жылдың 14 қазанында ШҚО Жарма ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры болып тағайындалды.
2013 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылық жағдайы – үйленген, ұш баласы бар.
Қызығушылығы – спорт, аңшылық.

Лауазымдық міндеттері:

-аудан аумағында архив ісі және құжаттамалар саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
-архив қызметінің барлық бағыттары бойынша архивқа сақталуға тапсырылатын құжаттардың қабылдануын, құндылығын сараптауды, есепке алуды, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді, пайдалануын ұйымдастыруды бақылайды және басшылық жасайды;
-архивтер және құжаттама басқармасының нормативтік актілері мен шешімдерін, тапсырмаларын, жоғарғы органдардың шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
-қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
-архив саласы бойынша заңды және жеке тұлғалармен келісімдер, шарттар жасайды және оның орындалуына бақылау жасайды;
-архив қадрларын іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, архив қызметкерлерін қабылдайды және жұмыстан босатады;
-азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және заңды мүддесіне қатысты әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету жайында шетелден түскен сұраныстарды бақылайды;
-азаматтарды қабылдау және өтініштерін қарауды іске асырады.

Азаматтарды қабылдау күні және уақыты: Дүйсенбі-жұма 9-00-18-00
Жұмыс телефоны: 8(72-347) 6- 55-69

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru